Created: 03 Қазан 2019
91

Инспекцияның 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті

2019 жылдың 28 қыркүйек күні Инспекцияның 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.

 

Салтанатты іс-шара инспекция басшысы Кенжеғали Сағидоллаұлы Машырықовтың құттықтау сөзімен басталып, инспекцияның 20 жылдығына арналған кітаптың ашылу салтанатымен жалғасты. Кенжеғали Сағидоллаұлы инспекцияның ардагерлеріне, мекеме басшыларына, инспекцияда бұрын қызмет атқарған үздік қызметкерлеріне жəне инспекция қызметкерлеріне алғыс хаттар мен мерекелік медальдарды табыстады.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ерлеген Жəрдемұлы Мендалиев, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев, инспекцияның ардагерлері Таңатар Утегенов жəне Серік Берішбайұлы Берішбаев инспекция қызметкерлерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Инспекцияның жас мамандарына гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.