Created: 21 Қыркүйек 2021
58

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес – өркенметті қоғамның өзекті мәселесінің бірі. Халқымыз өз азаттығы мен бостандығы жолындағы күресте әділ шешім айтар көсемі де « тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» қағидасын берік ұстаған. Алайда заман ағысына көз жүргіртсек, бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлық келесі тамырының жойылмауы тәуелсіз мемлекетіміздің еркін қарыштауына, бәсекелестікке қабілетті, зайырлы, халық үнімен санасатын ел болып қалыптасуына теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғам дертінен арылу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының мақсаты – оның мақсаттары мен міндеттерін, әрекет ету саласын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы ҚР заңнамасын, мемлекеттегі жемқорлыққа қарсы қимылдың басты бағыттарың, заңда қолданысқа ие негізгі ұғымдарды, негізгі принциптерін, жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері жүйесің, жемқорлықтың алдын-алу шаралары, оны қадағалау, ақпараттандыру ережелерін белгілейді.

Мемлекетіміздегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талабы – жемқорлықпен күресу, адами құндылықтарды құрметтеу, Ата заңымызды қастер тұту, әділ сөйлеп, адал жүретін, Әлихан Бөкейхановша айтқанда «жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, бигілін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Осы себепті, сыбайлас жемқорлықпен күресу және оған қарсы тұру, оның алдын алу үшін дауазымды тұлғадан бастап, қатардағы әрбір қызметкерге дейін заң талаптарын білуі және оны сақтауы тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заң аясында әрбір мемлекеттік орган мейілінше жемқорлыққа, парақорлыққа қарсы тұрып белсенділік танытуы қажет. Қызметкерлердің, лауазымдылық тұлғалардың білім деңгейі болуы, адами құзыреттілікті басым бағалауы жоғары болған жағдайда, өзара сенімді қалыптастыра отырып, заң талаптарын үнемі берік ұстанымы еткені абзал. Бұл тұрғыда біраз жұмыстардың жасалып жатқанын да көруге болады. Адалдық аландарының қызмет көрсетуі, әлеуметтік желілердегі ашықтық, яғни халық пен басымдыққа ие. Жауынгер Б.Момышұлынша айтсақ «әділдікті мойындау – адал кісінің ісі» екенің, Ш. Уәлихановша тұжырымдасақ «дүниеде ешкім жоқтығын» үнемі жадымызда ұстайық!

 

Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Д.Канатбаева