Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-негізгі мақсатымыз
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда сенім телефоны орнатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда. Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекттік инспекция комитетінің аумақтық инспециясында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. Облыстық инспекция ұжымы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл» туралы Заңдарының талаптарын сақтай отырып қызмет атқаруда. Сөзімізді қортындылайтын боласақ, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаөзен қалалық
аумақтық иснпекция басшысы А.Н. Аманов