Created: 15 Қараша 2019
81

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні инспекцияда Ауыл шаруашылық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Алмабек Марсұлы Марс ашып, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілерге Маңғыстау облысы əкімінің алғыс хаттарын табыстады.


Инспекция басшысы Кенжеғали Сағидоллаұлы Машырыков өз сөз кезегінде жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылық қызметкерлер күнімен құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, реттелетін салада мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге, мемлекеттік жəне өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға тапсырмалар берді.